Алматы облысындағы Талғар мектептерінің бірінің мұғаліміне оқушыны итеріп жібергеніне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Видеодан мұғалімнің оқушыға қате орындаған тапсырмасы үшін ұрысқанын көруге болады. Осыдан кейін оны күтпеген жерден итеріп жібереді, ал оқушы жерге құлаған. Оқырмандар видеоның Талғар қаласындағы мектептердің бірінде түсірілгенін атап өтті.
Алматы облысының әкімдігі мектептің Талғарда екенін, бірақ білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы жоқ екенін хабарлады. Қазіргі уақытта мекемеде 81 бала оқиды, ал 24 оқытушы жұмыс істейді.
"Мұғалімнің іс-әрекеттерінде еліміздің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабының «Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» – құқық бұзушылық құрамы бар", - деп хабарлады әкімдік.
Алматы облысының прокуратурасы бұл факт ҚР ҚК 140 - бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады (кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аудан прокуратурасы облыстың орта білім сапасы департаментіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді.